jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ДСМ Қазақстанда карантинді қайта күшейтудің шарттарын атады

    Карантин режимі
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифинг кезінде Қазақстан күзде қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    "Қалай дегенмен қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі де, Үкімет те белгілі бір теріс болжамға бағдар жасап отыр. Ол қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Ұзақ мерзімді болжамда қателікке бой алдыру деңгейі өте жоғары. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімді апталық, 15 күндік немесе 10 күндік болжамға арқа сүйейді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

    Ол 15 тамызда карантин шаралары жеңілдетілгенін атап өтті. Одан кейін тамыз айының соңында тағы да карантин шаралары бәсеңдетліп, бизнесмендер мен кәсіпорындар жұмысына орала бастады.

    "Карантин шараларының қандай болатындығы, оның күшейтілетіні не болмаса жеңілдетілетіні біздің қоғамның тәртібіне, жүріс-тұрыс әдебіне тікелей байланысты екендігін атап өткім келеді. Біз санитар дәрігердің талаптарын мүлтіксіз орындап, бірінші кезекте маска тағуымыз, әлеуметтік арақашық сақтауымыз, жабық ғимараттың ішінде көптеп жиналмауымыз керек. Тәртіпке қалай бағынатынымызға байланысты карантин шаралары қатаңдатылып не болмаса мүлдем алынып тасталуы мүмкін", - деді Бағдат Қожахметов.

    Естеріңізге сала кетейік, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеген еді.

    Айта кетсек, бұған дейін вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдерінің қазақстандықтар күзде кезекті локдаунға дайындалуы қажет пе деген сауалға жауап берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.