jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Иммунолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда аяқталатынын айтты

    вируссс
    Көрнекі фото: www.rbc.ru

    Әлемде COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін пандемияның жалғасы деп бағалауға болады. Дәрігер иммунолог, медицина ғылымдарының докторы, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов осындай ойын бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

    Оның сөзінше, бірінші толқын кезінде ауырмағандар вирус жұқтырып жатыр.

    "Бұл, әсіресе, қатаң шараларды қабылдап вирустың таралуын тоқтатуға тырысқан елдерге қатысты", - деді Жемчугов.

    Медицина ғылымының докторы коронавирусты от ұшқыны жеткен жанар-жағармаймен салыстырды. Алайда аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман бұл қорқынышты жағдай емес екенін білдірген. Ол ел үкіметтері денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын ескере отырып, жаңа шектеу шараларын енгізуі керек, деген пікірде.

    "Егер үкіметтер денсаулық сақтау жүйесі орта және ауыр жағдайдағы науқастар санының артуы кезінде адам өлімін болдырмайтын болса, шектеу шараларын енгізбеуге болады. Ол үшін денсаулық сақтау жүйесі жоғары деңгейде болуы тиіс. Сол уақытта пандемия тез аяқталады", - деді Жемчугов.

    Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде соңғы тәулікте 307,9 мың адам COVID-19 жұқтырғанын хабарлаған болатын. Бұл антирекордтық өсім ретінде тіркелді.

    Бұл уақытқа дейін 6 қыркүйекте 306,9 мың адам болған.

    Естеріңізге сала кетейік, елімізде коронавирус инфекиясын жұқтырған тағы 64 адам тіркелді. Осылайша, қауіпті дерт республика бойынша 106 984 адамнан анықталғаны белгілі болды.

    Иммунолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда аяқталатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.