jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Армия қауіп-қатерлерге кәсіби, жедел және үйлесімді түрде әрекет етеді

    16512
    Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындалу қажеттігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ағымдағы жылы пандемияға байланысты қорғаныс министрлігі радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментін құрды. Бағынысты әскерлер COVID-19-ға қарсы іс-шараларға қатысып, 29 құрама отрядтар құрылды. Олар еліміздің барлық өңірлерінде арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізді.

    65165
    Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Нұр-Сұлтан қаласында капитан Нұржігіт Қыстаубаевтың басшылығымен 68665 әскери бөлімінің РХБЗ ротасының әскери қызметшілері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар күніне 150-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеп, жақын маңдағы Қосшы, Талапкер, Қоянды, Қажымұқан, Аққайың елді мекендеріне барды. Қазір әскери қызметшілер апта сайын Ақмола гарнизонында орналасқан әскери нысандарды, сондай-ақ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру пункттеріне арнайы өңдеуді жүргізеді.

    98465
    Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Қойылған міндеттерді орындау үшін бөлімшелер отандық өндірістің АРС-14KZ заманауи арнайы техникасымен жабдықталған.

    Жергілікті атқарушы органдар басшыларының ғимараттар мен құрылыстарға, ескерткіштер мен алаңдарға өңдеу жұмыстарын жүргізуге өтініштері осындай жұмыс түрінің қажеттілігін дәлелдейді.

    65465
    Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Әскерлердің жеке құрамына алынған тәжірибе, білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын үнемі жетілдіру қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қауіп-қатерлерге кәсіби және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

    Армия қауіп-қатерлерге кәсіби, жедел және үйлесімді түрде әрекет етеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.