jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді

    Коронавирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    "Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы жария болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Құжатты Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми сайты жариялады.

    Аталмыш құжат 19 қазан күні таңғы сағат 07.00-ден бастап өз күшіне енеді деп жазады "ҚазАқпарат".

    Құжатқа сәйкес, түнгі клуб, бар, кинотеатр, караоке, бильярд, аттракциондар, интернет клубы, антикафе, батут, балалар алаңдары, толымдылығы 50 адамнан асатын мейрамханалар мен банкет залдарының жұмысына тыйым салынған.

    Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге міндеттелді. Бір отбасы мүшесі болмаса, жалпы үш адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынды.

    "Қазпошта" бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер таңғы 9.00-ден кешкі 18.00 дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына шектеу қойылды.

    Еске салсақ, бұған дейін біз коронавируспен ауырып шыққаныңызды байқататын бес белгі туралы жазған едік.

    Одан бөлек, елімізде тәулік ішінде қанша адам коронавирус жұқтырғанын және ДСМ Қазақстанда шетелдіктерді коронавирустан тегін емдеу туралы шешім қабылдағанын жазған болатынбыз. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдар ақысыз емделетін аурулар тізіміне енгізілді.

    Еліміздің тағы бір аймағында карантин күшейтілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.