jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Депутаттар коронавирус жұқтырған және одан көз жұмған дәрігерлерге берілетін төлемді қайтаруды сұрады

    Дәрігер58
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәжіліс депутаты Азат Перуашев палатаның жалпы отырысында елдің премьер-министрінен жұмыс орнында коронавирус жұқтырған жағдайда дәрігерлерге берілетін 2 млн теңге мен вирустан қайтыс болғандарға төленетін 10 млн теңге төлемді қайтаруын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мәжілісменнің айтуынша, 21 қазанда Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне берілетін төлемнің тоқтатылғанын мәлімдеген.

    Егер жұмыста ауру жұқтыру жағдайлары тіркелсе, онда ДСМ қолдау шаралары кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдар есебінен жасалатынын айтқан.

    Мұндай жағдай депутаттың шамына тиген. Ол коронавирустың екінші толқыны кезінде қазақстандықтарды емдейтін адам табылмайды деп қорқады.

    "Қазақстанда жағдай жақсы, әрине, бірақ ауру жұқтырғандардың көбейіп жатқаны да байқалады. Осы жағдайда алғы шепте жүрген дәрігерлерге мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету маңызды емес пе? Оның орнына шенеуніктер олардың ту сыртынан пышақ ұруда", – дейді Перуашев.

    Анықталғандай, кәсіподақтар аталған жағдайда жәрдемақы ретінде үш жалақысын ғана төлей алады. Егер вирус бүкіл отбасыға тараса, мұндай кезде ақша дәрі-дәрмек пен тамаққа жетпей қалуы мүмкін. Ал жергілікті бюджетте мұндай шығындар қарастырылмаған.

    Перуашевтің сөзінше, "Ақ жол" депутаттық фракциясы медицина қызметкерлеріне осындай қарым-қатынас жасалғанына наразы.

    "Біз үкіметтен осы мәселені қайта қарауды және аталған төлемдерді сақтауды сұраймыз. Әйтпесе, қиын әрі маңызды сәтте біздің азаматтарымызды құтқаратын ешкім болмай қалуы мүмкін", - деді Перуашев.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалып жатқанын хабарлаған едік.

    Депутаттар коронавирус жұқтырған және одан көз жұмған дәрігерлерге берілетін төлемді қайтаруды сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.