jitsu gif
Денсаулық

    Қазақстанда тағы 682 адамнан COVID-19 анықталды

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 682 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 122 335-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

    "Қазақстанда өткен тәулікте 682 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды", - делінген хабарламада.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 79

    Алматы қаласы - 35

    Шымкент қаласы - 6

    Ақмола облысы - 41

    Ақтөбе облысы - 3

    Алматы облысы - 17

    Атырау облысы - 11

    Шығыс Қазақстан облысы - 230

    Жамбыл облысы - 8

    Батыс Қазақстан облысы - 37

    Қарағанды облысы - 18

    Қостанай облысы - 58

    Маңғыстау облысы - 2

    Павлодар облысы - 61

    Солтүстік Қазақстан облысы - 74

    Түркістан облысы - 2

    Сондай-ақ өткен тәулікте 438 адам COVID-19-дан жазылып шыққан. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында.

    Жалпы ел бойынша коронавирустан жазылғандар саны 110 382.

    Айта кетейік, 17 қарашада COVID-19 жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгеніне тура бір жыл болды.

    Осы он екі айдың ішінде әлем бойынша коронавирусты 55 милионнан аса адам жұқтырған.

    Соңғы мәліметтерге көз жүгіртсек, қауіпті дертті жұқтыру бойынша бірінші орында АҚШ тұр. Елде 11 миллионнан аса адамнан коронавирус анықталған.

    Екінші орында Үндістан болса, үшінші орында Бразилия.

    Одан бөлек, бұған дейін мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы өрескел заң бұзушылықтар туралы айтқан еді.

    Сонымен қатар президент үкіметке отандық вакцина шығару жөнінде тапсырма берген болатын.

    Қазақстанда тағы 682 адамнан COVID-19 анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.