jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркия ғалымдары неліктен пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты

    Фото
    Көрнекі фото: РИА Новости

    Түркияның ғалымдары неліктен коронавирус пандемиясын тоқтата алмай отырғанын мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

    Олардың айтуынша, ауру белгілері байқалған адамдардың ағзасына қарағанда, ауру белгілері байқалмағандардың оргазимінде SARS-CoV-2 вирусының мөлшері көп.

    Сол себепті әлем елдері қанша локдаун мен шектеу шараларын ұйымдастырса да, вирусты тоқтата алмай отыр, дейді түрік зерттеушілері.

    Олар жаңа коронавирустың басқа аурулардан басты ерекшелігі – белгілерінің байқалмайтыны екенін сөз етті.

    Вирус жұқтырған, бірақ белгілері жоқ науқастар да вирусты таратып жүре беретіні белгілі. Не дене қызуы, не жөтел болмайды. Алайда Түркия ғалымдарының зерттеуінен шыққан нәтижені ешкім жорамалдамаған болатын.

    Яғни, олар ауру белгілері жоқ адамдағы коронавирустың мөлшері өте көп болатынын әрі оны анықтау қиынға соғатынын жеткізген.

    "COVID-19 – күрделі, бас қатыратын, қиын пазл. Оның табиғатын толық тану үшін вирусологиялық, иммунологиялық зерттеулер жасау керек. Соның нәтижесінде жалпы жағдайды анықтай алатын едік. Біздің зерттеу ауру белгілері асқынған сайын, ағзадағы вирус мөлшері керісінше, азая бастайтынын анықтады", - деді түрік ғалымдары.

    Ғалымдар коронавирустың табиғаты өте жұмбақ, қазіргі жүргізілген зерттеулердің барлығы шынайы картинаның тек бергі жағы ғана деп отыр.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Сингапурда аяғы ауыр әйел коронавирусқа қарсы антиденесі бар баланы өмірге алып келгенін жазған едік. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл елде ресми түрде тіркелген алғашқы жағдай болып табылады.

    Сонымен қатар, АҚШ-тағы Ла Хойя иммунология институтының мамандары бірнеше ай зерттеу жүргізіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың ағзасында иммунитет сегіз ай немесе одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін анықтаған еді.

    Одан бөлек Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы иммунитет бұған дейін бұл дертпен ауырмаған науқастардың ағзасында да қалыптасуы мүмкін екенін айтқан болатын.

    Зерттеу қорытындысы Science порталында жарияланды.

    Түркия ғалымдары неліктен пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.