jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Трамп жақын арада коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайтынын мәлімдеді

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Gettty Images/ Tasos Katopodis / Stringer

    АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа типтегі коронавирусқа қарсы вакцина алғашқы жеткізілімнен өзіне вакцина салдырмайтынын мәлімдеді. Ол Ақ үй шенеуніктері де мұндай қадамға бармайтынын айтты деп хабарлайды Би-би-си.

    Осыған дейін Bloomberg Дональд Трамп пен басқа да шенеуніктер коронавирусқа қарсы вакцинаны дүйсенбі күні алатынын хабарлаған еді. Алайда, АҚШ президенті түзетулер енгізілгенін, Ақ үй қызметкерлері вакцинаға зәру емес екенін мәлімдеді.

    "Ақ үйде жұмыс істейтін адамдар аса қатты қажеттілік туындамаса, бағдарлама бойынша кішкене кешірек алу керек. Мен түзету енгізуді сұрадым. Екпе жасауды жоспарлап отырған жоқпын, бірақ мұны қолайлы уақытта жасауға асығып отырмын", - деді Трамп Twitter желісінде.

    АҚШ-та бүгіннен бастап Pfizer препараты арқылы вакцина салу бағдарламасын бастады. Алғашқы 3 млн доза қазіргі уақытта АҚШ-тың 50 штатына таратылды.

    Жалпы жыл соңына дейін вакцина 40 миллион америкалыққа салынуы тиіс. Айта кеткен жөн, бұл екпені американдық «Пфайзер» және немістің «БайоНтек» компаниялары бірлесіп жасаған.

    Осы күнге дейін препаратты өз аумағында қолдануға 6 ел рұқсат берді. Олардың қатарында АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания, Мексика, Канада, Бахрейн мен Сауд Арабиясы бар. Еуроодақ елдерінде вакцинаның сапасына қатысты тексеру әлі жалғасып жатыр. Ол 29 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.

    "Біз вакциналардың қауіпсіздігіне 100 пайыз сенімдіміз. Күн сайын қаншама адам коронавирус жұқтырып жатыр. Көз жұмғандар өте көп. Вакцина жасаумен айналысқан топтың әрбір мүшесіне үлкен алғысымызды білдіреміз",- деді Ақ үйдің жаппай вакцинация бағдарламасының басшысы Гас Перна.
    Трамп жақын арада коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайтынын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.