jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Өткен тәулікте 723 қазақстандықтан коронавирус анықталған

    Тәжвирус1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Өткен тәулікте 723 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

    "Қазақстанда өткен тәулікте 723 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 68

    Алматы қаласы - 92

    Шымкент қаласы - 6

    Ақмола облысы - 59

    Ақтөбе облысы - 4

    Алматы облысы - 39

    Атырау облысы - 149

    Шығыс Қазақстан облысы - 47

    Жамбыл облысы - 9

    Батыс Қазақстан облысы - 45

    Қарағанды облысы - 26

    Қостанай облысы - 57

    Қызылорда облысы - 6

    Маңғыстау облысы - 11

    Павлодар облысы - 40

    Солтүстік Қазақстан облысы - 57

    Түркістан облысы - 8

    Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 158 302-ге жетті.

    Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы коронавирус жұқтырғандардың санының артуына байланысты COVID-19-дың "сары" аймағына енді.

    Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram-дағы ресми аккаунты хабарлады. Осыған байланысты әкімдік азаматтардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрауда: маска тағу, жеке гигиена, әлеуметтік арақашықтық.

    Сонымен қатар, қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын орындарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда бармауға кеңес берілуде.

    Айта кетсек, бұған дейін Жапония үкіметі Токио мен оның маңындағы бірнеше префектурада төтенше жағдай енгізуге әзірленіп жатқанын жазған едік. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болған.

    Өткен тәулікте 723 қазақстандықтан коронавирус анықталған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.