Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эпидемиологиялық ахуал нашарлады": Токиода төтенше жағдай режимі енгізілмек

Опубликовано:

Жапония1
Көрнекі фото: pixabay.com

Жапония үкіметі Токио мен оның маңындағы бірнеше префектурада төтенше жағдай енгізбек деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп. Бұл туралы ел премьер-министрі, Ёсихидэ Суга хабарлаған. Билік өкілдері аймақта шектеу шаралары қатаңдатылатынын мәлімдеген.

"Токио мен тағы 3 префектурадағы барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытын кешкі сағат 8-ге дейін қысқарту керек. Аймақта төтенше жағдай режимін енгізген жөн. Мәселен бұл өңірлерде қауіпті инфекция жұқтырғандардың қатары желтоқсанда азайған емес", - дейді Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга.

Жаңа шектеулер, ел экономикасына кері әсерін тигізуі де мүмкін. Әсіресе, бұл туризм саласына ауыр соққы болуы ықтимал.

Ал елде вакцинация ақпан айының соңында басталады.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Жапонияда пандемия басталғалы 245 мың адам коронавирус жұқтырған. Оның 3400-ге жуығы осы дерттен көз жұмған.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте тағы 645 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 157 579-ға жеткен.

Қазіргі уақытта елімізде 22 710 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

288 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892171-epidemiologialyk-ahual-nasarlady-tokioda-ttense-zagdaj-rezimi-engizilmek/

pixel