jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда бір аптаның ішінде коронавирустан қайтыс болғандар саны өскен

    Палатадағы төсек-орын
    Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

    Өткен аптада, 18-24 қаңтар аралығында елімізде коронавирустан 73 адам көз жұмған. Бұл туралы "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" ресми Telegram арнасында хабарлады.

    Аймақтар бойынша жағдай келесідей:

    • Алматы қаласында - 14 өлім жағдайы тіркелді;
    • Батыс Қазақстан облысында - 14
    • Алматы облысында - 12
    • Шығыс Қазақстан облысында - 6
    • Нұр-Сұлтан қаласында - 6
    • Шымкент қаласында - 4
    • Қарағанды облысында - 4
    • Павлодар облысында - 4
    • Ақмола облысында - 2
    • Ақтөбе облысында - 2
    • Атырау облысында - 2
    • Қостанай облысында - 2
    • Солтүстік Қазақстан облысында - 1.

    Індет басталғалы бері елімізде коронавирустан 2 476 адам қайтыс болған.

    Айта кетейік, бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

    Мемлекет басшысы барлық министр мен әкімді вакцинациялау науқанына баса мән беруге шақырды.

    Сонымен қатар президент коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді.

    Сонымен бірге денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатқан үш өңірді атады.

    Оның айтуынша, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуалды жеткілікті деңгейде бақылау жүргізіліп жатқан жоқ.

    Республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы үш облыстың тұрғындары.

    Қазақстанда бір аптаның ішінде коронавирустан қайтыс болғандар саны өскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.