jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Өткен тәулікте елде 1082 адамнан коронавирус анықталды

    Тәжвирус және карантин
    Фото: NUR.KZ

    Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1082 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 203,

    Алматы қаласы - 307,

    Шымкент қаласы - 28,

    Ақмола облысы - 60,

    Ақтөбе облысы - 25,

    Алматы облысы - 91,

    Атырау облысы - 49,

    Шығыс Қазақстан облысы - 14,

    Жамбыл облысы - 14,

    Батыс Қазақстан облысы - 55,

    Қарағанды облысы - 101,

    Қостанай облысы - 46,

    Қызылорда облысы - 3,

    Маңғыстау облысы - 11,

    Павлодар облысы - 45,

    Солтүстік Қазақстан облысы - 27,

    Түркістан облысы - 3.

    Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 226767.

    Айта кетейік, соңғы уақытта науқастар саны бойынша оңтүстік астана көш бастап тұр. Осыған байланысты Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулығы қол қойды. Құжат Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

    Соңғы қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс және мейрам күндері қоғамдық көліктер қатынайды. Дегенмен автобустар бұл күндері таңғы 6-дан 10-ға дейін және кешкі 5-тен 10-ға дейін жүретін болады. Ал жұмыс күндері автобустар штатты кесте бойынша жұмыс істейді. Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің де жұмыс кестесі өзгерді.

    Енді олар жұмыс күндері таңғы 10-нан кешкі 9-ға дейін, мереке күндері таңғы 10-нан күндізгі 5-ке дейін ашық болады. Ал сенбі және жексенбі күндері бұл нысандар қызмет көрсетпейді. Ашық және жабық базарлар да дәл осындай жұмыс кестесімен жұмыс істейді.

    Жаппай іс-шаралар өткізуге әлі де рұқсат жоқ. Одан бөлек, санитар дәрігердің қаулысымен кинотеатрлар, театрлар, концерттік залдар мен мәдени нысандардың қызметіне тыйым салынады.

    Өткен тәулікте елде 1082 адамнан коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.