jitsu gif
Денсаулық

    Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

    Фото
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1264 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 229 217-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

    Аймақтар бойынша:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 285

    Алматы қаласы - 366

    Шымкент қаласы - 36

    Ақмола облысы - 50

    Ақтөбе облысы - 26

    Алматы облысы - 91

    Атырау облысы - 36

    Шығыс Қазақстан облысы - 28

    Жамбыл облысы - 18

    Батыс Қазақстан облысы - 81

    Қарағанды облысы - 98

    Қостанай облысы - 44

    Қызылорда облысы - 4

    Маңғыстау облысы - 6

    Павлодар облысы - 47

    Солтүстік Қазақстан облысы - 35

    Түркістан облысы - 13.

    Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған азаматтардың вакцинация паспорты пайда болғаны туралы мәлімдеген еді.

    Ол вакцинация паспорты "Спутник V" вакцинасының екі дозасын қабылдаған қазақстандықтарға қолжетімді екенін атап өтті.

    Оған қоса, 17 наурызда Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласындағы күрделі ахуалға тоқталған болатын.

    Президенттің айтуынша, бұл саладағы көптеген көкейтесті мәселелер қауіпті індетпен күрестің көлеңкесінде қалып қойып жатыр. Оның үстіне президент жалпы азаматтардың медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын атап өтті.

    Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.