jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Нұр-Сұлтан әкімдігі халыққа үндеу жасады

    Дәрігерлер
    Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

    Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шараларды сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Соңғы аптада қауіпті дертті жұқтыру деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 106,96 құрады. Репродуктивті саны — 1,506.

    Осыған байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енді.

    Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз).

    Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім — 0,85%.

    Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз өтініші бойынша.

    Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53.

    Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды.

    Анықталған — 357 байланыста болған тұлғалар, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар – 1321, оның ішінде: үй – 834 (байланыста болғандар саны — 1497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар — 1917).

    Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:

    - Маска режимі;

    - адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар);

    - әлеуметтік қашықтық;

    - қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.

    Қаладағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!", - делінген хабарламада.

    Нұр-Сұлтан әкімдігі халыққа үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.