jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда коронавирус жұқтырғандар жататын аурухананың іші қандай (фото, видео)

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалында түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбаларды көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл жерге әдетте коронавирус жұқтырған науқастар жатқызылады.

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аурухана лық толы емес, палаталар мен жансақтау бөлімі бос, ал дәліздерде адамдар жоқтың қасы.

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Сонымен қатар ведомство аурухананың ішін де, сыртын да видеоға түсіріп, ел назарына ұсынды.

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында осы ауруханаға барып қайтқан еді.

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Ақорданың баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сенсек, президент заманауи қондырғылармен жабдықталған 500 адамдық стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған палаталарды аралап шыққан.

    Аурухана
    Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

    Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жексенбі күні Almaty Live телевизиялық бағдарламасында шаһарда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр деп мәлімдеген еді. Осы орайда Azattyq Rýhy тілшісі қалада қалыптасып отырған жағдайға байланысты тұрақты сарапшылардың пікірін білген.

    Алматылық дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың айтуынша, қалада сәуір айының соңында коронавирус жұқтыру жағдайлары бәсеңдейді. Оның сөзінше, билік табандылық танытып, қатаң карантин шараларын ұстанса, адам шығынына жол бермеуге мүмкіндік бар.

    Алматыда коронавирус жұқтырғандар жататын аурухананың іші қандай (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.