jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау қаласының аумағында блок-бекеттер қойылғаны рас па

    Блок-бекет
    Көрнекі фото: azh.kz

    WhatsApp қолданушылары бір-біріне Атырау қаласы 2 сәуірде карантинге жабылатыны жөніндегі хабарламаның скриншотын жіберіп жатыр. Оған қоса, хабарламада қазірдің өзінде қаланың шығаберісінде жол тосқауылдары қойылғаны айтылған. Желіде тараған хабарламаға қатысты облыстық әкімдік пікір білдірді деп жазады Stopfake.kz.

    "Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл өткен жылғы жаңалықтың скриншоты", – деп хабарлады ведомстводан.

    Әкімдік қазір қала маңында блок-бекеттер жоқ екенін, кіру және шығу жолдары ашық екенін де атап өтті.

    Скриншот
    Скриншот: stopfake.kz

    Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар мессенджерлерде 22 наурызда пойыздар мен ұшақтардың қозғалысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарламалар таратқан болатын.

    Сондай-ақ онда Алматыда тұрақты тұрмайтын адамдар қаладан кетуі керек делінген.

    Шын мәнінде, жаңалық бір жыл бұрын – 2020 жылғы 18 наурызда шыққан. Онда сол күні болған оқиғалар, оның ішінде коронавирустың елде таралуына байланысты сол кезде енгізілген шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылады.

    Сонымен қатар отандық блогерлер медициналық масканы микроскоппен тексерген роликтерді талқылаған еді.

    Желі қолданушылары медициналық бетпердені қайнаған судың үстіне қойғанда, ол жерде көрінген затты паразиттер немесе моргеллон құрттар болуы мүмкін екенін айтады.

    Алайда денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл хабарламаны жоққа шығарды.

    Комитет өкілі Қазақстандағы медициналық маскалардың сертификатталғанын және қауіпсіз екенін айтып, онда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ екенін жеткізді.

    Атырау қаласының аумағында блок-бекеттер қойылғаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.