Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыда тұрақты тұрмайтын адамдар қаладан кетуі керек": Желіде тараған ақпарат рас па

Опубликовано:

Алматы41
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандықтар мессенджерлерде 22 наурызда пойыздар мен ұшақтардың қозғалысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарламалар таратуда. Сондай-ақ онда Алматыда тұрақты тұрмайтын адамдар қаладан кетуі керек делінген. Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл ақпараттың қазіргі жағдайға еш қатысы жоқ яғни шындыққа жанаспайды.

Шын мәнінде, бұл – Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарынан алынған үзінді.

Ол эфирге бір жыл бұрын – 2020 жылғы 18 наурызда шыққан. Онда сол күні болған оқиғалар, оның ішінде коронавирустың елде таралуына байланысты сол кезде енгізілген шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылады.

Бұл шығарылым толығымен "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының ресми сайтында мұрағатта сақталған.

Скриншот11
Скриншот: stopfake.kz

Айта кетейік, бұл коронавирусқа қатысты желіде таралып жатқан алғашқы жалған ақпарат емес.

Осыған дейін желіде Италияда дене шынықтыру сабағында масканы шешуге рұқсат етпегеннен кейін мектеп оқушысы көз жұмды деген хабар тараған еді.

StopFake.kz-тің жазуынша, 2020 жылдың қараша айының соңында Италияда 10 жасар қыздың дене шынықтыру сабағында көз жұмғаны рас. Алайда оның өліміне ішкі ағзалардың патологиясы себеп болған. Бұл денені тексеру барысында расталған.

Сонымен қатар бұған дейін желіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың 10 наурызға дейін гүлге жақындауға болмайтыны туралы айтқан видеосы тараған болатын.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. Белгілі болғандай ролик министр теледидарда сөз сөйлеген кезде түсіріліп, дауысы монтажбен қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904357-almatyda-turaqty-turmaityn-adamdar-qaladan-ketui-kerek-zelide-taragan-aqparat-ras-pa/

pixel