Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Медициналық маскадан құрт шықты": Министрлік желіде тараған видеоға жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Отандық блогерлер медициналық масканы микроскоппен тексерген роликтерді талқылап жатыр. Желі қолданушылары медициналық бетпердені қайнаған судың үстіне қойғанда, ол жерде көрінген затты паразиттер немесе моргеллон құрттар болуы мүмкін екенін айтады. Алайда денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл хабарламаны жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

Оның сөзінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 231-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында дәрілік заттар өндіруді Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Комитет өкілі Қазақстандағы медициналық маскалардың сертификатталғанын және қауіпсіз екенін айтып, онда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905392-medicinalyq-maskadan-qurt-syqty-ministrlik-zelide-taragan-videoga-zauap-berdi/

pixel