657-і Алматыдан: Коронавирус жұқтырғандарға қатысты соңғы дерек жарияланды
Жарияланған күні:

Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 650
Алматы қаласы - 657
Шымкент қаласы - 111
Ақмола облысы - 85
Ақтөбе облысы - 109
Алматы облысы - 220
Атырау облысы - 113
Шығыс Қазақстан облысы - 95
Жамбыл облысы - 38
Батыс Қазақстан облысы - 117
Қарағанды облысы - 202
Қостанай облысы - 28
Қызылорда облысы - 65
Маңғыстау облысы - 52
Павлодар облысы - 45
Солтүстік Қазақстан облысы - 26
Түркістан облысы - 28.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 278 695-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 2002 адам індеттен жазылған.
Қазір елімізде 36 436 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
591 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 127 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 85 адамға аталмыш диагноз қойылған, 5 жағдай өліммен аяқталған. 84 адам жазылып шыққан.
Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониямен 51 624 адам ауырып, 741 науқас қайтыс болған. 50 388 адам жазылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы– бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру екенін бас айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1907998-elimizde-bir-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-begili-boldy/