jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда COVID-19-дан жазылғандардың саны жария болды

    Коронавирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елімізде өткен тәулікте 3575 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Coronavirus2020.kz ресми telegram-каналында жария етті.

    Аймақтар бойынша емделіп шыққандардың саны келесідегідей:

    Нұр-Сұлтан қаласы - 586

    Алматы қаласы - 1313

    Шымкент қаласы - 14

    Ақмола облысы - 170

    Ақтөбе облысы - 188

    Алматы облысы - 386

    Атырау облысы - 98

    Шығыс Қазақстан облысы - 81

    Жамбыл облысы - 68

    Батыс Қазақстан облысы - 110

    Қарағанды облысы - 324

    Қостанай облысы - 27

    Қызылорда облысы - 58

    Маңғыстау облысы - 16

    Павлодар облысы - 80

    Солтүстік Қазақстан облысы - 8

    Түркістан облысы - 48

    Қазақстан бойынша жазылғандар саны 323816 адамды құрап отыр.

    Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.

    Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.

    Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

    Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

    Қазақстанда COVID-19-дан жазылғандардың саны жария болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.