jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Сағынтаев Алматының "қызыл" аймақтан шығуына не көмектескенін айтты

    Бақытжан Сағынтаев
    Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

    Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға әсер еткен шаралар жөнінде сөз қозғады деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Бұл туралы шаһар басшысы Алматы телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

    Оның сөзінше, осы жылдың 9-наурызынан бастап жұқтырудың төмендеуі нысандар мен қоғамда жүргізілген шектеу шараларының тиімділігіне, монитринг топтарының қарқынды жұмысына тікелей байланысты.

    "Бүгінде қалада иммундық қабаттың 20%-дан асуы (жалпы халық санының 15,4%-ының екпе алуы +5%-ы сырқаттануы). Сонымен қатар нысандарға ASHYQ жүйесін енгізу және белсенді КВИ ошақтары бар үйлерде жүйелі түрде дезинфекциялау жұмыстары оң әсерін тигізді", - деді Сағынтаев.

    Оның айтуынша, соңғы 2 аптаның мәліметтері бойынша КВИ жұқтырғандардың науқастардың жас құрамын талдау ауру деңгейінің 40-59 жас аралығындағы азаматтар арасында өткен аптада басталған 1,3%-ға төмендегенін, сонымен қатар ауруханаға түскен 60 жастан асқан адамдардың 1% болғанын көрсеткен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың 1,2%-ға өсуі байқалады, дейді қала әкімі.

    Жұмыспен қамту тұрғысынан елеулі өзгерістер тіркелген жоқ:

    • 6479  КВИ науқастарының ішінен инфекция жұқтырғандар - 34,7% (2246 адам),
    • әртүрлі ЖШС қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, АҚ - 21,0% (1349) адам),
    • зейнеткерлер - 20,8% (1346 адам),
    • мектеп оқушылары - 7,9% (510 жағдай),
    • мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 5,0% (КВИ-нің 327 жағдайы).

    Халықтың осы санаттарының жалпы үлесі 89,4% құрады.

    Сағынтаев инфекция жұқтыратын орындарды өткен апталармен салыстырғандада отбасылық байланыстағы инфекция деңгейі 6,5%-ға өскенін жасырмады. Туыстарымен, көршілермен, достармен және жұмыс орнындағы байланыстың жұқтыру деңгейі өзгерген жоқ, дейді ол.

    Ықтимал инфекция ошақтары тұрғысынан алғанда, азық-түлік базарларындағы инфекциялардың 1,5%-ға, аула ішіндегі азық-түлік дүкендерінде – 2,2% -ға, сауда және ойын-сауық орталықтарында, ТД 1,1%-ға өсуі алаңдатады.

    "Қоғамдық тамақтану орындарында асханалардың кәуап пісіретіндердің есебінен 1%-ға төмендеді. Отбасылық шаралардың шектелуі барысында 1,5%-ға азайды. Сауда объектілерінде, банктерде, пошта бөлімшелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, моншаларда инфекция деңгейі төмендеуі өзгерген жоқ. ASHYQ жобасына қатысушылардың нысанында инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ", - дейді мегаполис басшысы.

    Сағынтаев Алматының "қызыл" аймақтан шығуына не көмектескенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.