jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

    Адамдар
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәліметтерді жаңартты деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

    Қазақстанда өткен тәулікте 1144 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

    Аймақтар бойынша:

    • Нұр-Сұлтан қаласы - 222
    • Алматы қаласы - 126
    • Шымкент қаласы - 58
    • Ақмола облысы - 48
    • Ақтөбе облысы - 30
    • Алматы облысы - 64
    • Атырау облысы - 69
    • Шығыс Қазақстан облысы - 79
    • Жамбыл облысы - 32
    • Батыс Қазақстан облысы - 89
    • Қарағанды облысы - 160
    • Қостанай облысы - 35
    • Қызылорда облысы - 10
    • Маңғыстау облысы - 45
    • Павлодар облысы - 41
    • Солтүстік Қазақстан облысы - 17
    • Түркістан облысы - 19

    Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 397 976-ға жетіп отыр.

    Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізде халыққа медициналық қызмет көрсетудің қандай деңгейде екенін білу үшін денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға аудандық ауруханаға баруға кеңес берген еді.

    "Құрметті министр мырза, сізге халықтың алдына шығатын уақыт келді. Адамдармен санитарлық дәрігердің қаулысы арқылы сөйлесуді доғару керек.

    Ауруханаға, әсіресе, аудандық ауруханаға барыңыз. Сонда кезекте тұрған адамдармен тілдесіңіз. Осылай медициналық қызметтің сапасы жайлы біраз нәрсе білетін боласыз. Мына айтқан сандарыңыз көңілден шықпайды, жұмысыңыз жайлы да біраз нәрсе білетін боласыз", - дейді мәжіліс спикері.

    Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.