jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Күзге дейін 10 млн қазақстандық вакцина салдырмаса Цой отставкаға кете ме

    Цой
    Фото: qysqasoz.kz

    ОКҚ өткен онлайн-брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға "Күзге дейін 10 млн қазақстандық вакцина салдырмаса отставкаға кетесіз бе?" деген сауал қойылды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер министрден күзге дейін Қазақстанда 10 млн адамға вакцина салынбаса, жауапкершілік кімнің мойнына жүктелетінін сұрап, мұндай жағдайда Алексей Цой отставкаға кете ме деген сауал қойды.

    "Біз әрбір азамат түсіністік танытады деп үміттенеміз. Сол үшін біз өңірлерде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және оны күшейтеміз. Сондай-ақ ұжымдық иммунитет үшін 60 пайыздық межеге жеткізу өте маңызды.

    Мұның бәрі Денсаулық сақтау министрлігінің қолында емес. Вакцинация ерікті, сол себепті мен БАҚ өкілдерін түсіндіру жұмыстарына қатысуға және вакцинаның оң әсері туралы, осылайша қаншама азаматты өлімнен аман алып қала алатынымызды айтуға шақырамын", - дейді Цой.

    Сондай-ақ ол отставкаға қатысты сауалға жауап берді.

    "Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Жұмыс қалай бағаланса, шешім де солай қабылданады", - дейді министр.

    Брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі бүгінде елімізде 1,4 млн адамға вакцинаның екі дозасы да салынғанын хабарлады.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой министрлік бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қорғау үшін адвокаттары сұратқан құжаттарды неге бермей отырғанын айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.