jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация басталады: Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

    Вакцина
    Көрнекі фото: Andreas Rentz/Getty Images

    Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов "2021-2022 жылғы эпидмаусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы" қаулыға қол қойды. Құжат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

    Құжатқа сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыс әкімдіктеріне 15 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы екпе науқанына дайындығын қамтамасыз ету тапсырылған.

    Сонымен бірге, өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық департаменттеріне, денсаулық сақтау және білім басқармаларына тиісті қаулылар берілген. Олар вакцинацияға дайындық барысына да, азаматтармен түсіндіру жұмыстарына да қатысады.

    Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

    Еске сала кетсек, Ерлан Қиясовтың қаулысымен вакцина алмаған қазақстандықтар 6 қыркүйектен бастап жұмысқа кіргізілмейтінін жазған едік.

    15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация басталады: Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.