RU

Вакцина алмаған қазақстандықтар 6 қыркүйектен бастап жұмысқа кіргізілмейтін болды

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанның бас санитар дәрігері тағы бір қаулыға қол қойды. Құжат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулыға сәйкес, COVID-19 вакцинасын алмаған қызметкерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырған адамдарды қоспағанда) штаттық жұмыс істеуге келесі мекемелерде шектеу енгізілді:

  • базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;
  • қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар; - әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
  • санаторийлер, демалыс үйлері/ базалары/ аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар;
  • қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілерд, стрит-фудтар; - қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары;
  • денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
  • дәріхана ұйымдары;
  • сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялық-құтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері;
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;
  • байланыс және телекоммуникация объектілері.

Сондай-ақ, құжатта вакцинацияланбаған жұмыскерлерін ПТР-тестілеуден өткізуге міндетті нысандардың санаты берілген. Олар:

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер.

Қаулы 2021 жылдың 6 қыркүйегінде күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930357-vakcina-almagan-qazaqstandyqtar-6-qyrkuiekten-bastap-zumysqa-kirgizilmeitin-boldy/