jitsu gif
Денсаулық

    Медицина мекемелерінде фото мен видео түсіруге қайта рұқсат берілді

    Аурухана
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Оған сәйкес, денсаулық сақтау ұйымында, жедел медициналық жәрдем көлігінде, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда пациенттер мен медицина қызметкері келісімінсіз аудио, фото және видео түсіруді шектеу тармақшасы алынып тасталды.

    Сондай-ақ, енді медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізуі кезінде, науқас пен онымен байланыста болған адамдар арасында сауалнама жүргізу барысында аудио, фото және видео түсіруге рұқсат берілді.

    Бұл шектеу елдің бас санитар дәрігерінің 2021 жылдың 2 қыркүйектегі №38 қаулысында көрсетілген еді.

    Жаңа қаулы 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

    Құжат мәтіні денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

    Медицина мекемелерінде фото мен видео түсіруге қайта рұқсат берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.