Төртеуі Шымкенттен: Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды
Опубликовано:
Елімізде эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңа деректер шықты. Оған сәйкес, 14 қарашада 1 038 адамнан коронавирус анықталып отыр, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында.
Өткен тәулікте:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 112
- Алматы қаласында - 143
- Шымкент қаласында – 4
- Ақмола облысында – 79
- Ақтөбе облысында - 15
- Алматы облысында - 52
- Атырау облысында - 16
- Шығыс Қазақстан облысында - 55
- Жамбыл облысында - 9
- Батыс Қазақстан облысында -17
- Қарағанды облысында - 112
- Қостанай облысында - 113
- Қызылорда облысында - 18
- Маңғыстау облысында - 13
- Павлодар облысында - 125
- Солтүстік Қазақстан облысында - 141
- Түркістан облысында - 14 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 957 537- ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 271 адам дерттен жазылып шыққан.
Қазір елімізде 34 675 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 925 пациент стационарда, 27 750 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
520 адамның жағдайы ауыр, 120 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 104 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1942141-qazaqstanda-bir-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/