jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қызылорда облысы еліміздегі вакцинациялау көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке енді

    Вакцинация
    Фото: kyzylorda-news.kz

    Қызылорда облысында соңғы 2 айда коронавирус жұқтырған науқастар саны азайып келеді. Өңір республикадағы вакцинациялау көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке еніп отыр, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

    Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді. Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 18 639 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың 70 пайызы клиникалық белгілерімен анықталған. Дегенмен, соңғы 2 айдағы көрсеткіш бойынша коронавирусқа шалдыққандар деңгейі төмендегені байқалуда.

    «Бүгінде белсенді ошақтар саны – 418 екені белгілі болды. Оның ішінде үй ошағы – 358, ал ұйымдасқан ұжымдардағы ошақ саны 60-ты құрайды. Облыс тұрғындары арасында вирус таралуының алдын алу мақсатында белгіленген карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі бойынша үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1 129 азаматты анықтады. Тиісінше «қызыл» статустағы 736 адам, «сары» мәртебедег 398 тұрғындар екені белгілі болды. Біздің эпидемиолог мамандар күн сайын КВИ эпидахуалына арнайы тексерістер жүргізеді. Яғни жас шамасына байланысты індеттің жұқтыру көрсеткіші мен оның себебі қандай екендігін зерделейді. Нәтижесінде коронавирус жұқтырудың жоғары көрсеткіштері жұмыссыздар мен зейнеткерлер және мектеп оқушылары арасында анықталуда. Ал медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдары қызметкерлері арасындағы індетке шалдығу деңгейі өте төмен. Бұл вакциналаудың коронавирусқа қарсы тиімділігін дәлелдеп отыр», – деді департамент басшысы Динара Олжабайқызы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.