jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсе бастады

    Адамдар
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға қатысты мәліметті жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1125 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

    Аймақтар бойынша:

    • Нұр-Сұлтан қаласы - 118
    • Алматы қаласы - 123
    • Шымкент қаласы - 20
    • Ақмола облысы - 78
    • Ақтөбе облысы - 19
    • Алматы облысы - 57
    • Атырау облысы - 25
    • Шығыс Қазақстан облысы - 84
    • Жамбыл облысы - 10
    • Батыс Қазақстан облысы - 37
    • Қарағанды облысы - 130
    • Қостанай облысы - 112
    • Қызылорда облысы - 19
    • Маңғыстау облысы - 12
    • Павлодар облысы - 115
    • Солтүстік Қазақстан облысы - 149
    • Түркістан облысы - 17.

    Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқырғандар саны 961 734-ке жетіп отыр.

    Сонымен қатар, өткен тәулікте 1554 адам дерттен жазылып шыққан.

    Қазір елімізде 30 876 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 513 пациент стационарда, 24 363 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    486 адамның жағдайы ауыр, 125 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

    Айта кетсек, 18 қарашадағы мәлімет бойынша 1083 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын.

    Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсе бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.