jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Коронавирус инфекциясына шалдыққан 7 науқастың жағдайы өте ауыр

    вируссс
    Көрнекі фото: www.rbc.ru

    Сенбі, 14 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде 2 280 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында.

    Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 2 280 науқастың ішінде 220 науқас стационарда, ал 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

    "Инфекцияға шалдыққандар арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 7 науқастың жағдайы өте ауыр, ал 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", — делінген ресми хабарламада.

    Ал министрліктің ұсынған 13 қаңтардағы мәліметі бойынша елімізде 2 315 адам коронавирус инфекциясынан емделген, олардың ішінде 225 науқас стационарда, ал 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдады.

    Свежая публикация по теме:
    Азияда "Омикрон" өршіді: вакцина егу қайта басталуы мүмкін
    Коронавирус инфекциясына шалдыққан 7 науқастың жағдайы өте ауыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.