jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Қарағанды облысында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды

    Ірі қара
    Ірі қара. Көнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында орналасқан шаруа қожалығында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды "Azattyq Ruhy" басылымы.

    Басылым мәліметінше, індет анықталғаннан кейін шаруа қожалық карантинге жабылды.

    "Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық аумағында ірі қараның арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын", - делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған Шарықты ауылдық округінің әкімі А. Нөгербековтің шешімінде.

    Аталған шешім кеше, яғни 12 сәуірде күшіне еніп, шектеу іс-шаралары белгіленді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.