jitsu gif
Денсаулық

    Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілген барлық шектеуді алып тастады

    Бетперде киген қыз телефон қарап тұр көшеде
    Көрнекі фото: Pexels.com

    Қазақстан коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген шектеулер туралы барлық қаулының күшін жойды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

    Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясын аяқталды деп жариялауына байланысты Қазақстанда білім беру ұйымдарында, сондай-ақ "Ashyq" жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды.

    "Осылайша, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды", – делінген хабарламада.

    Дегенмен, министрлік COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын, вирустың таралуы жүріп жатқанын, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылатынын айтқан.

    Свежая публикация по теме:
    Азияда "Омикрон" өршіді: вакцина егу қайта басталуы мүмкін
    Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілген барлық шектеуді алып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.