jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Маска, фильтр кабинеттері және антисептик: ДСМ коронавирусқа қатысты жағдайға мәлімдеме жасады

    вирус
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда респираторлық вирустардың, соның ішінде коронавирус бар екенін мәлімдеді. Жыл басынан бері мыңнан астам адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. ведомствоға сілтеме жасап.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда респираторлық вирустардың, соның ішінде коронавирустың айналымы бар екенін мәлімдеді. 2024 жылдың басынан бері COVID-19 вирусын 1290 адам жұқтырғаны тіркелген, қайтыс болғандар жоқ.
    • Мемлекеттік бас дәрігерінің міндетін атқарушы 2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, ЖРВИ және COVID-19 бойынша санитарлық-профилактикалық шаралар туралы қаулыға қол қойды.
    • Қаулыда 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу, медициналық ұйымдарда бетперде тағу және антисептиктер қолдану сияқты профилактикалық шаралар қарастырылған.

    Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізу 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізілгенін хабарлады.

    "Мониторинг қазіргі таңда елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ айналымы да байқалатынын көрсетті. Осы жылдың басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендердің жоқтығын айта кету керек, бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр", - делінген хабарламада.

    Мемлекеттік бас дәрігерінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 "2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" қаулыға қол қойды.

    Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

    • 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
    • Медициналық ұйымдарда: кіреберісті "сүзгі" жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
    • ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

    Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну.

    Маска, фильтр кабинеттері және антисептик: ДСМ коронавирусқа қатысты жағдайға мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.