jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Балқаштағы демалыс орындарының бірінде адамдар жаппай уланып қалды

    Балқаш көлі. Фото
    Балқаш көлі. Фото: depositphotos.com

    Қарағанды облысында Балқаштағы көпсалалы ауруханасының инфекциялық бөліміне 14 адам түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    Блогер Денис Денски Instagram желісіндегі парақшасында Балқаштағы элиталы демалыс орындарының бірінде демалғандар ауруханаға түскенін жазды. Бұл жайында оған оқырмандары айтқан екен.

    Жазбада улану туралы айтқан отбасы Балқашта 2024 жылғы 11-13 тамызда демалғаны айтылған. Соңғы күндері 7 жасар қыздың дене қызуы 39,5 градусқа көтеріліп, диарея басталған.

    "Олар туралы пікірді Instagram желісінен оқыдық. Жалғыз біз емес екенбіз. Қазір инфекциялық ауруханада 20-ға жуық адам жатыр, олар да осы демалыс орнында демалған", - делінген жазбада.

    Ekaraganda.kz сайтына Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хабарлағандай, Балқаштағы көпсалалы аурухананың инфекциялық бөлімшесіне 14 адам (5 ересек, 9 бала) түскен.

    "Балалар мен ересектердің жалпы жағдайы интоксикация, ішек синдромы белгілеріне байланысты орташа ауыр. Пациенттерге тексеру және емдеу тағайындалды, ауруханаға жатқызудан бас тартуға байланысты динамикалық бақылау үшін палаталарға орналастырылды.

    "Жіті ішек инфекциясы" диагнозымен инфекциялық стационарға түскендерге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шұғыл хабарламалар жіберілді", - деп жауап берді ведомство өкілдері.

    Балқаштағы демалыс орындарының бірінде адамдар жаппай уланып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.