jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға түсті

    Сапта тұрған әскери қызметшілер
    Әскери қызметшілер. Көрнекі фото: facebook.com/modgovkz

    Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметкер жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Instagram желісіндегі "Denski_blog" парақшасында Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінің 36 қызметкері жұқпалы аурулар ауруханасына түскені туралы ақпарат жарияланды.

    "Жігіттердің барлығына жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Әзірге оған не себеп болғаны белгісіз. Қазіргі уақытта СЭҚ мамандары тексеріс жүргізіп жатыр. Егер бұл улану болса, әскери қызметкерлер бөлімшенің ішінде неден улануы мүмкін", - деп жазылған мәтінде.

    Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    "2024 жылғы 18 тамызда Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді. Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың жағдайы қанағаттанарлық, жаңа шағымдар тіркелген жоқ" , — делінген хабарламада. 

    Аталған факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

    Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тлішісіне оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    "Ішек инфекциясымен 36 әскери қызметкер түсті. Қазіргі уақытта олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Әскерилердің жағдайы жақсарып келеді", - деді басқарма өкілдері.

    Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.