jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    15 қыркүйектен бастап елімізде маска режимі енгізілетіні рас па: министрлік өкілдері жауап берді

    Бетперде киіп жүрген жолаушылар
    Бетперде киіп жүрген жолаушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер мен маска режимі енгізілетіні туралы ақпарат тарауда. Бұған қатысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Telegram-дағы арнасында жауап берді.

    Ведомство мәліметінше, ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Сондай-ақ маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.

    "Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарда.

    15 қыркүйектен бастап елімізде маска режимі енгізілетіні рас па: министрлік өкілдері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.