RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Жалғыз үйімізді сатсақ та әлі жинап біте алар емеспіз": туабітті құлағы жоқ баланың анасы қымбат ота үшін елден көмек сұрады

Жарияланған күні:

Алинұр
Фото: instagram.com/helpfor_alinur

Төрт жасар Алинұр Арманұлы туғанынан анасының дауысын естімей өсіп келеді, оның құлақ тесігі мен құлақ қалқаны жоқ. Ұлының дертіне ем іздеп, шарқ ұрған анаға америкалық дәрігерлер үміт сыйлап отыр, алайда бір құлаққа жасалатын ота құны 57 млн теңгеден асады. Жалғыз баспанасын сатқан отбасына әлі де қаражат жетпей тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдана Әлихан тұңғышы Алинұрдың дертін туғалы зерттеп келе жатқанын айтады.

"Ұлыма туабітті микротия, атрезия диагнозы қойлыған, яғни құлақ тесігі жоқ, құлақ қалқаны жоқ, бала мүлдем естімейді. Қалай естиді екен, қай жерде ота жасайды екен деп туғалы көп зерттеп келдік. Сөйтіп жүріп басқа да балалардың АҚШ-та ота жасатып, өз құлағымен естіп кеткенін, пластикалық әдемі құлақтарын көріп, Алинұрдың КТ, аудиограмма, тағы сол сияқты зерттеу нәтижелерін америкалық дәрігерлерге жібердім. Дәрігеріміз 2023 жылы мамыр айында Алинұрдың құлағына ота жасауға болатынын, өзі еститін әдемі құлағы болатынын айтып, бізге ота құнын растайтын шот жіберді. 2023 жылы маусым айында халықтан көмек сұрадық. Себебі өтініш жазған қайырымдылық қорлары көмек бере алмайтындарын айтты немесе мүлдем жауап бермеді", - дейді Айдана Әлихан.

Алинұрдың бір құлаққа жасалатын ота құны шамамен - 57 млн теңге. Бұл отбасы үшін өте үлкен сома болғандықтан олар көмек сұрап, "Қазақстан халқына" қорына да өтініш жазғанын айтады.

"Бірақ олардың тізімінде менің ұлымның ауруы жоқ болғандықтан, көмек бере алмаймыз деп жауап қайырды. 57 млн теңгенің 29,5 млн теңгесін халықтан жинадық та, амал жоқтан былтыр желтоқсан айында үйімізді саттық, себебі бірінші ота 2025 жылғы 19 наурыз белгіленіп қойды. Жалғыз баспанамызды сатсақ та әлі толық отаның қаражатын жинап біте алар емеспіз, дәл қазіргі таңда 54,5 млн теңге жиналып тұр. Қалған қаражатты табуға бізге қандай да бір көмек қолын созсаңыздар екен, бізге әр тиын, әр көмек маңызды болып тұр. Алинұрдың өзінің еститін құлағы болса екен деген үлкен арманым", - дейді Айдана Әлихан.

Алинұрдың отасына қаржылай көмек беремін дейтін жандар үшін

Реквизиттер:

Kaspi Gold : +7 (747) 228 72 55 - Айдана Әлихан

Kaspi Gold 4400 4302 4553 7458

Halyk: 4003 0351 9182 6556

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2222580-zhalgyz-uiimizdi-satsaq-ta-ali-zhinap-bite-alar-emespiz-tuabitti-qulagy-zhoq-balanyng-anasy-qymbat-ota-ushin-elden-komek-surady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif