jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Маңғыстауда тағы да оқушылардың жаппай улану дерегі тіркелді

    мектеп асханасы
    Мектеп асханасы. Көрнекі фото: Maria Jose Lopez/Europa Press via Getty Images

    Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары улану белгілерімен ауруханаға түсті. Мамандар мектеп асханасынан сынама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

    Бейнеу әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 сәуір кешке оқушыларды жедел жәрдем көлігі Бейнеу орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізе бастады. Ауруханаға 9 бен 12 жас аралығындағы 11 бала түскен. Барлығы жүрек айну, құсу, әлсіздікке шағымданды.

    Тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін балалар ауруханаға жатқызуға белгілер болмағандықтан үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері балаларға функционалдық дисфиксия диагнозы қойылғанын хабарлады - оқушыларда тағам тұтынудан кейін ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылған болуы мүмкін.

    "Бейнеу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жедел тексеру жұмысын жүргізіп, азық-түлік өнімдерінен сынама алып, тиісті санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізді", - деп хабарлады Бейнеу әкімдігі өкілдері.

    Сондай-ақ әкімдіктегілер мектеп оқушыларының Бейнеу ауылында орналасқан Манашы жалпы орта мектебінің 2, 3, 5-сынып оқушылары екенін атап өтті.

    Еске сала кетейік, 2024 жылы қыркүйекте Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы мектептердің бірінде оқушылар жаппай уланғанын хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.