jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкентте Конго-Қырым қызбасының таралу қаупі жоғары саналатын 11 шағын аудан тіркелді

    Кене
    Шөптегі кене. Көрнекі сурет: Patrick Pleul/picture alliance via Getty Images

    Күн жылынғалы бері Шымкент қаласында кене шаққан 12 тұрғын медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды 24.kz.

    Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, олардың барлығына індетке қарсы екпе салынып, медициналық бақылауға алынды.

    Зерттеу нәтижелері бойынша, зардап шеккендерден аса қауіпті жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ. Соған қарамастан, биыл Конго-Қырым қызбасының таралу қаупі жоғары саналатын 11 шағын аудан тіркелді.

    Осыған байланысты қауіпті ошақтарда аурудың алдын алу және таралуының жолын кесу мақсатында дезинсекция жұмыстары қолға алынған. Жоспар бойынша мамыр айының соңына дейін жалпы көлемі 3 миллион шаршы метр аумақта зиянкестерге қарсы дәрілеу жүргізіледі. Ал бұл жұмыстардың екінші кезеңі тамыз айында өтеді.

    "1720 кенені жинап осы күнге дейін 145-інің арасынан иксод кенесі анықталып, оны зерттегенде 10 кенеден Конго-қырым қанды вирустары бар екені анықталды. Яғни бізде бұл табиғи ошағы екенін тағы бір көрсетіп отыр", - дейді қалалық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

    Шымкентте Конго-Қырым қызбасының таралу қаупі жоғары саналатын 11 шағын аудан тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.