jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әлемде алғаш рет соғып тұрған донорлық жүрек сәтті ауыстырылды

    Ота
    Дәрігерлер ота кезінде. Көрнекі фото: pixabay.com

    Тайвань Ұлттық университеті ауруханасының (NTUH) хирургтері тарихта алғаш рет соғып тұрған донорлық жүректі сәтті ауыстырды. Бұл туралы Fox News-қа сілтеме жасаған Kazinform хабарлады.

    Трансплантация кезінде жүрек оттегімен қаныққан қанды үздіксіз айдады. Дәстүрлі жүрек трансплантациясы криоконсервацияға (суықта сақтауға) негізделген. Мұндай жағдайда органға қан ағымы тоқтайды, бұл бірнеше сағат бойы оттегінен айырылған жүрек бұлшықетіне зақым келтіруі мүмкін. Мұндай трансплантацияда дененің жүректі қабылдамау қаупі бар.

    Операциядан кейінгі асқынуларды да байқауға болады. Бұған жол бермеу үшін NTUH хирургтері органдарға күтім жасаудың арнайы жүйесін әзірледі. Ол донордың жүрегіне оттегімен қаныққан қанды үзіліссіз немесе тоңазытқышсыз жеткізетін портативті өмірді қолдау құрылғысы ретінде жұмыс істейді.

    Бұл жүйе сорғылар, оксигенаторлар және резервуарлар арқылы жүректің денеден тыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    "Алғашқы ота кезінде топ арнайы құрылғыға жалғанған донордың жүрегін әлі соғып тұрған кезде операциялық бөлмелер арасында жылжытты. Жүрек трансплантациялаған пациент — дилатацион кардиомиопатиясы бар 49 жастағы әйел тез қалпына келді және жүрек бұлшықеті денсаулығының негізгі көрсеткіші саналатын жүрек ферменттерінің өте төмен деңгейін көрсетті", — делінген хабарламада.

    Стэнфорд университеті мұндай трансплантацияны 2023 жылы бастағанымен, олардың әдісі органды трансплантациялау кезінде қысқа ишемиялық кезеңдерді (10-30 минут) қамтыды. Бірақ Тайвань хирургтерінің әдісімен жасалған трансплантацияда жүрек соғуын бір секундқа да тоқтатқан жоқ.

    "Жүрек оны алғанға дейін де, одан кейін де соғуын жалғастырды және ол еш тоқтаған жоқ", — деді NTUH орган трансплантациясы тобының жетекшісі Чен Их-Шурнг.

    Әлемде алғаш рет соғып тұрған донорлық жүрек сәтті ауыстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.