jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан онкологиясы тарихында алғаш рет: шымкенттік дәрігерлер кеңірдекке аса күрделі отаны сәтті жасап шықты

    ота жасау сәті
    Шымкенттік дәрігерлердің күрделі ота жасап жатқан сәті. Фото: t.me/DenMinPR

    Шымкент қалалық онкологиялық орталығында елімізде алғаш рет аса күрделі операция – кеңірдек бифуркациясының резекциясы сәтті жасалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, ота 37 жастағы науқасқа жасалды. Дәрігерлер науқастың оң және сол жақ бронхтарын, кеңірдек бифуркациясын кесіп алып, реконструкциялық әдіспен жаңа бифуркация қалыптастырды.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы Сәуле Дүйсенбаева орталықта болып, ота жасалған науқастың жағдайымен танысты. Ол науқаспен тілдесіп, медицина қызметкерлеріне жоғары кәсіби еңбектері үшін алғысын білдірді.

    "Бұл операция Қазақстан онкологиясы тарихында алғаш рет орындалды. Ол жоғары технологиялық әдістерді меңгеруді, командалық үйлесімділікті және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін талап етеді. Бұл – шымкенттік дәрігерлердің кәсіби өсуі мен заманауи медициналық технологияларды игерудің нақты нәтижесі", - делінген хабарламада.

    Жаңа әдісті тәжірибеге енгізу үшін Шымкент онкологиялық орталығы Ресейдің Н.Н. Петров атындағы онкология ұлттық медициналық зерттеу орталығымен әріптестік орнатқан. Жергілікті мамандар тұрақты түрде шетелдік жетекші мамандардың шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби деңгейін арттырып келеді.

    Қазақстан онкологиясы тарихында алғаш рет: шымкенттік дәрігерлер кеңірдекке аса күрделі отаны сәтті жасап шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.