Түркістанда жасөспірімнің асқазанынан бір келіге жуық шаш шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Түркістанда дәрігерлер 15 жастағы қыздың асқазанынан бір келіге жуық шаш алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Instagram парақшасында Түркістан қалалық балалар ауруханасында медицина тәжірибесінде сирек кездесетін әрі аса күрделі ота жасалғанын хабарлады. Он бес жастағы қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемде бөгде зат жатқаны анықталған. Дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.
Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2344719-turkistanda-zhasospirimning-asqazanynan-bir-kelige-zhuyq-shash-shyqty/