Қазақстанда қызылшаның өршуіне байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Опубликовано:
Қазақстанда қызылша ауруының өршуі байқалады. Осыған байланысты бас мемлекеттік саниятариялық дәрігер жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 3 343 жағдай тіркелді, оның ішінде 84,2 пайыз (2 816 жағдай) – 14 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе екпе алмаған балалар ауырған.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2026 жылғы 19 ақпанда қаулы қабылдады.
Құжатта қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту көзделген:
- 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар – жағдай тұрақтанғанға дейін;
- Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2-5 жас және 7-18 жас аралығындағы балалар – толықтыра иммундауы аясында;
- екпе алмаған немесе олар туралы деректері жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.
Вакцинация егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің келісімі алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Сондай-ақ балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу талаптары күшейтілді.
Ұйымдастырылған ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру ұйымдарында қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жедел түрде қамтамасыз етіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/healthcare/2345817-qazaqstanda-qyzylshanyng-orshuine-bailanysty-bas-memlekettik-sanitariialyq-dariger-zhanga-qauly-qabyldady/