jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда 170-тен аса стоматологиялық клиника қызметін тоқтатты

    стоматология кабинеті
    Стоматология. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Қазақстанда 100-ден аса стоматологиялық клиника қызметін тоқтатты, олардың 56-сы лицензиясын ерікті түрде қайтарған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағы бойынша стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

    Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың тапсырмасы шеңберінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылып жатыр.

    Жалпы тексеру тізіміне 622 стоматологиялық клиника енгізілген, бүгінгі таңда 392 тексеру жүргізілген.

    Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 103 клиникада заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 стоматологиялық клиниканың 56-сы медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған.

    "Жекелеген жағдайларда жедел әрекет ету шаралары қабылданып, субъектінің қызметі 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылды, сондай-ақ медициналық қызметкерлер 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдері тексеру барысында медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуына, лицензиялық талаптардың орындалуына және білікті мамандардың болуына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

    Қазақстанда 170-тен аса стоматологиялық клиника қызметін тоқтатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.