jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістанда облысында жедел жәрдем қызметкерлері кәмпитке қақалған сәбиді құтқарып қалды

    Жедел жәрдем қызметкерлері
    Жедел жәрдем қызметкерлері. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жедел жәрдем қызметкерлері кәмпитке қақалып қалған бір жасар сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, №42 жедел жәрдем бригадасына Түйетас ауылынан шақырту түскен.

    Онда бір жасар қыз баланың тамағына кәмпит тұрып қалып, ол демала алмай қалған.

    Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері жағдайдың аса қауіпті екенін түсініп, шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Нәтижесінде баланың тамағындағы бөгде зат алынып, ол тыныс ала бастаған.

    Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты.

    "Бұл оқиға – адам өмірін сақтап қалуда жедел жәрдем қызметкерлерінің шапшаңдығы мен біліктілігінің қаншалықты маңызды екенін аңғартады", - делінген хабарламада.

    Мамандар ата-аналарға кішкентай балаларға қатты немесе ұсақ тағамдарды бергенде аса мұқият болуды, сондай-ақ төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеріп жүруді ескертеді.

    Түркістанда облысында жедел жәрдем қызметкерлері кәмпитке қақалған сәбиді құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.