jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Үй ішінде қолданылатын ең лас заттардың тізімі анықталды

    : UGC

    Біздің күн сайын қолданатын кейбір заттарымыз қауіпті болуы мүмкін екен. Тіпті сіз таза деп ойлаған заттарыңыздың өзі керісінше болуы ықтимал. Ендеше үйдегі ең лас және қауіпті заттарды тізіп көрейік деп жазады ikerim.kz.

    Ыдыс жуатын ысқыш

    Сіз білесіз бе, ыдыс жуатын ысқыш унитаздың отырғышына қарағанда 200 000 есе лас екен. Орта есеппен алғанда бір ысқышта 10 миллион бактерия болады. Ол бактериялар түрлі аурулар тудыруы да мүмкін.

    Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша

    Раковинаның ішінде миллиондаған бактериялар болады екен. Тіпті оны тексеру мүмкін емес дейді. Сол себепті үнемі ыдысты бірден жуып, шұңғылшаны да артынан хлор ерітіндісімен тазалап отыру керек.

    Тіс щеткасы

    Тағы оқыңыздар: Ақша көбейтудің төрт таптырмас тәсілін білесіз бе?

    Қарапайым тіс щеткасында 100 миллион бактерия болады. Олардан құтылу үшін жүйелі түрде сабынмен және эфир майымен тазалап отырыңыз.

    Теледидар пульті

    Оны сіз күн сайын қолданасыз. Таза деп ойлайсыз, ал шын мәнінде мүлдем олай емес. Ол сіздің үйіңіздегі ең көп микробтар шоғырланған зат.

    Телефон

    Әр адам телефонын тәулігіне 4–5 сағат бетіне тақайды екен. Үнемі сүртіп, тазалап отырмасаңыз, оның бактериялары әжетханадан да көп болуы мүмкін.

    Ас үйдегі тақта

    Азық-түлік турайтын тақтайдың ластығына сөз жоқ деседі. Оны бір затты турағасын жуып, одан кейін ғана келесі затты турау керек.

    Құлаққап

    Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең сымбатты қылмыскердің әйелі күйеуімен ажырасып кетті (фото)

    Қызық естіле ме? Құлаққапта қандай кір болуы мүмкін дейсіз ғой? Сіз оны қаншалықты жиі қолдансаңыз, соншалықты бактерияға толып қалған. Сол себепті біреудің құлаққабын кимеген абзал.

    Үй ішінде қолданылатын ең лас заттардың тізімі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.