jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Адамның дене салмағы нормаға сай болып тұрса да, қарынға жиналған май мезгілсіз өлімнің қаупін күшейтеді. Иран мен Канаданың ғалымдары осындай шешімге келді деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.

    Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, зерттеушілер тобы қарындағы майдың жиналуы мен сан алуан себептерден болған өлім-жітімнің арасындағы байланысты зерделеп, осы мәселе бойынша 70-тен астам ғылыми жұмысты қарап шыққан.

    "2,5 миллион еріктінің денсаулығына қатысты мәлімет жан-жақты зерттелді. Осы уақытта ғалымдар бел мен санның көлеміне, екеуінің ара қатынасына, денедегі майдың мөлшеріне және тағы басқа көрсеткіштерге баса назар аударған", – делінген ақпаратта. 

    Соның нәтижесінде білікті мамандар маңызды бір тоқтамға келген. Оған сәйкес, қарында май қыртыстары бар науқастардың ерте қайтыс болу көрсеткіші жоғары екенді дәлелденген.

    Мысалы, белдегі майдың көлемі 10 сантиметрге артқан сайын мезгілсіз өлімнің қаупі 11 пайызға ұлғаяды екен. Ал белдің санмен немесе боймен ара салмағы 0,1-ке (интернетте арнайы калькулятор бар) көбейсе, ерте қайтыс болу көрсеткіші 20 пайызға артады.

    "Демек, қарындағы майдың жиналуына қарап, мезгілсіз өлімнің қаупін анықтауға болады", – дейді Иран мен Канаданың зерттеушілері.

    Фото
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Еске сала кетсек, осыған дейін Франциядағы Монпелье университетінің оқытушылары мен ғалымдары коронавирус инфекциясын тоқтатын тағамдарға зерттеу жасай келе, бір шешімге келген. Олар орамжапырақтың қауіпті дертті "өлтіретін" қасиеті бар екенін анықтаған болатын.

    Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.