jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Дәрігер дәруменді шамадан тыс қабылдау қауіпті екенін айтты

    Дәрі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Дәруменді мөлшерден тыс қабылдау витамин тапшылығына қарағанда, әлдеқайда қауіпті. Бұл туралы аллерголог-иммунолог дәрігер Алексей Бессмертный айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

    Қазіргі уақытта адамдар иммунитетті нығайту үшін поливитаминдерді жаппай сатып алуда. Алайда маман жеміс-жидек, көкөніс және сапалы азық-түлік жейтін адамдар үшін мұның қажеті жоқ деп отыр.

    "Дамыған елде дұрыс тамақтанатын адамда дәрумен тапшылығы болмайды. Өйткені витаминдердің бәрі дастарқанымызда. Бірақ көптеген өңірлерде 3 жасқа дейінгі балаларға D дәрумені тапшылығы байқалады. Сондықтан "Йодомарин" сынды витаминдер ішуге тура келеді", - деді дәрігер. 

    Оның айтуынша, дәруменді қабылдауды арттыру гипервитаминозға әкеліп соғуы мүмкін. Ол дәрумен тапшылығына қарағанда, әлдеқайда қауіпті.

    "Поливитаминдер дәрі емес, биоқоспа ретінде тіркелген. Ал статистикаға сәйкес, бауырдың зақымдануының төрттен екі жағдайы дұрыс сертификатталмаған "БАД" қолданумен байланысты", – деді Бессмертный.

    Гипервитаминоз кезінде адамның жүрегі айнып, шаршайды. Ал ағзада D дәрумені мөлшерден тыс болса, интоксикация белгілері байқалады. Дәруменді тым көп ішетін адамдар ауруханаға түсуі мүмкін. 

    Еске сала кетсек, ресейлік диетолог-дәрігер әрі аллерголог-иммунолог Марина Аплетаева күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер бар тағамдарды пайдалану керектігін айтып берген еді.

    Сондай-ақ бұған дейін біз мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған едік.

    Дәрігер дәруменді шамадан тыс қабылдау қауіпті екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.