Денсаулық

Зектілері

Өрт кезінде ауадағы түтіннің ағзаға түсуін қалай шектеуге болады

Жарияланған күні:

Абай облысындағы өрт
Абай облысындағы өрт. Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінен пайда болған қатты түтіннің салдарынан қалай қорғануға болатыны туралы профилактикалық шаралар тізбегін ұсынды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, атмосфералық ауаны орман өрттерінен пайда болған қатты түтін басқан кезде адамдардың жанғыш өнімдерден улануы, жүрек-қан тамырлары, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың өршуі болуы мүмкін. Министрлік осының алдын алу мақсатында зиянды химиялық заттардың ағзаға түсуін шектейтін профилактикалық іс-шараларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

Орман өртінің түтінінен кім барынша үлкен қауіпке ұшырайды?

  • Өкпенің обструктивті созылмалы ауруы, демікпе немесе жүрек ауруы сияқты арулары бар адамдардың орман өртінің түтініне ұшырау қаупі жоғары;
  • Егде жастағы адамдар түтіннің әсеріне көбірек ұшырайды. Бұл олардың жүрек және өкпе ауруларының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін;
  • Жиі жағдайда түтіннің балалар денсаулығына қауіпі жоғары. Балалардың тыныс алу жолдары әлі де даму сатысында және олар ересектерге қарағанда дене салмағына қарай көбірек ауа жұтады. Сонымен қатар, балалар жиі ашық ауада көбірек уақыт өткізеді;
  • Сыртта жұмыс істейтін немесе спортпен өте белсенді шұғылданатын адамдардың да денсаулығына барынша жоғары жағымсыз әсер ету қаупі бар.

Орман өртінен туындаған түтіннен зардап шегетін өңірлердің тұрғындарына арналған ұсынымдар:

  • түтінді далада серуендеуден аулақ болыңыз, өйткені бұл жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларының дамуына түрткі болады.
  • жүкті әйелдер мен балаларға түтінді көшеге мүлдем шықпау ұсынылады;
  • денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүруі тиіс; егер сыртта түтін болса, дене шынықтырумен айналысу үшін сыртқа шықпағаны дұрыс. Терезелері жабық үй-жайларда болыңыз;
  • үй-жайлардағы ауаны мүмкіндігінше таза ұстаңыз. Терезелер мен есіктерді жабық ұстаңыз. Кондиционерді қосыңыз, сыртқы түтіннің кіруіне жол бермеу үшін сүзгіні таза ұстаңыз;
  • терезелерге, желдеткіштерге ылғалданған шүберек іліп қойыңыз және оны мезгіл-мезгіл ауыстырыңыз;
  • ауаны ылғалдандыру үшін үй-жайларға суы бар ыдыстарды қойыңыз;
  • машинада кондиционерді қолданыңыз және терезелерді жабық ұстаңыз;
  • есіңізде болсын, көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеуі керек.

Сонымен қатар үй-жайдағы ауаның ластануын арттыратын әрекеттерден аулақ болып, жанып тұрған шамдар, каминдер және газ плиталары үй-жайлардың ластануын арттыруы мүмкін екендігі ескертілді.

Ведомство өкілдері ересектер үшін сұйықтықты тұтынуды тәулігіне 2-3 литрге дейін арттыру (сілтілі минералды су, итмұрынның, көкжидектің қантсыз қайнатпалары, көк шай), жас балаларға кәдімгі қайнаған су беру керек, ал сәбилерге - жиі емізуді көбейтіп, қосымша тамақтану режимін орнату керектігін атап өтті.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары және аллергиялық патологиялармен ауыратын адамдарға мыналар ұсынылады:

  • қан қысымын күніне кемінде 2 рет өлшеңіз;
  • тұрақты артериялық гипертензиямен - дәрігерге қаралыңыз;
  • емдеуші дәрігер ұсынған дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып жүріңіз;
  • егер созылмалы ауру болса, дәрігер ұсынған тағайындауларды қатаң түрде орындаңыз;
  • есіңізде болсын, темекі шегу ауаны одан әрі ластайды;
  • бастың ауруы, көмірқышқыл газымен уланудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/healthy-lifestyle/2024440-densaulyq-saqtau-ministrligi-ort-kezinde-auadagy-tutinnin-agzaga-tusuin-qalai-sekteuge-bolady/