jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Паразиттер мен бактериялар": дәрігер базарда жеміс-жидектің дәмін көру неліктен қауіпті екенін түсіндірді

    сауда орны
    Базар. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Жаз кезінде базарда көкөністер мен жеміс-жидектің түрі көбейеді. Көбісі сатып аларда оларды жумай дәмін көріп жатады. Терапевт Надежда Чернышованың айтуынша, жемістерді жумай дәмін көру адам ағзасы үшін қауіпті. Бұл туралы маман "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дәрігердің айтуынша, дұрыс жуылмаған жемістер мен көкөністерде бактериялар сақталуы мүмкін. Ал ең қауіптісі – егер жеміс жуылмаса, оның бетінде әр түрлі паразиттер қалады.

    "Шаруа қожалықтарында органикалық тыңайтқыштар жиі қолданылады, олардың құрамында аскариданың жұмыртқалары болуы мүмкін (ірі паразиттік құрттар – ред.). Олар нашар жуылған болса, көкөністің бетінде қалуы мүмкін. Ішке түскен кезде паразиттер ағзада көбейе бастайды, ол ауыр асқынуларға себепші болады", — дейді дәрігер.

    Надежда Чернышева сонымен қатар ірі жылыжайларда өндірушілер өсімдіктерді арнайы тыңайтқыштармен "қоректендіретінін" атап өтті. Бұл жағдайда жемістің бетінде паразиттер болмайтын көрінеді.

    Маманның пікірінше, инфекциялар, бактериялар және паразиттер тұрғысынан ең қауіпті жеміс-жидектер қатарына:

    • қияр;
    • жасыл шөптер (аскөк, ақжелкен, кинза, райхан);
    • құлпынай жатады.

    Сондай-ақ дәрігер паразиттер мен бактериялардан сақтанудың қарапайым жолын ұсынды.

    "Жемістерді кепсерге салып, 20-30 минутқа суы бар ыдысқа салып қою керек. Суға жуатын құралдар мен химиялық заттар қоспаңыз. Осы уақыт ішінде топырақтың қалдықтары суда қалады, оның ішінде паразиттер мен бактериялар да болуы мүмкін", — дейді ол.

    Маманның сөзінше, содан кейін жемістерді кепсерде ағынды судың астында ұстап, қайтадан шайып, майлықпен құрғату қажет. Осыдан кейін ғана оларды жеуге болады.

    "Паразиттер мен бактериялар": дәрігер базарда жеміс-жидектің дәмін көру неліктен қауіпті екенін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.